Елімізде келесі жылы футбол маусымы ақпан айының соңына қарай басталады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы ресми ойындарды Қазақстан Суперкубогін сарапқа салатын төрт команда бастайды. Жүлдеге таласатын клубтардың арасында "Тобыл", "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар" ұжымдары бар.
Жартылай финал матчтары 24 ақпанға жоспарланған.
Қазақстан Премьер-Лига ойындары 5-6 наурыз күндері басталса, бірінші лиганың алғашқы туры 11 наурызда өтеді. Ал екінші лиганың ойындары 12 наурызда болады деп күтілуде.
Еске салайық, 2021 жылы "Тобыл" ел чемпионы атанды. Үздік үштікті "Астана" мен "Қайрат" клубтары түйіндеді. Маусым нәтижесі бойынша төмен көрсеткіш тіркеген "Қайсар" мен "Жетісу" бірінші лига түсіп қалса, "Ақсу" мен "Мақтаарал" жоғары чемпионатта өнер көрсетпек.