2022 жылы Катардағы ӘЧ Қазақстанда тікелей көрсетіледі

©facebook.com/mundialenqatar2022

"Қазақстан" және Qazsport телеарналары Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты матчтерін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан" телерадиокомпаниясы ӘЧ-ні трансляциялау құқығын сатып алған. Онлайн-трансляция qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығы Катарда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport