2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудегі Қазақстан - Израиль матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ

Бүгін, 9 сәуірде футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу раунды аясында Израильмен ойын өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кака жаттықтыратын команда Қазақстан астанасында Израиль құрамасын қабылдайды. Кездесу 17:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы трансляциялайды. Көрестілім мына сілтеме бойынша қолжетімді. 

Осыдан кейін Израильмен 11 сәуірде тағы бір ойын болады. Бұл матч іріктеу циклінде Қазақстан құрамасы үшін соңғысы. 

Еске салайық, Қазақстан командасы Еуро-2022 жарысына жолдама жеңіп алған.

Метки: