2021 жылы құрама сапында 17 гол соққан шабуылшы кім?

©Getty images

Нидерланды құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай ӘЧ-2022 іріктеу турнирінің соңғы екі ойынында 3 гол салды.

Жалпы алғанда форвард 2021 жылы ұлттық құрама сапында 17 гол соққан. Бұл УЕФА-ға мүше елдердің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Екінші орынды Англия құрамасының ойыншысы Харри Кейін иеленді. Тоттенхэм шабуылшысы 16 рет қарсылас қақпасына гол салған. Ал 13 голы бар Криштиану Роналду үшінші орынды қанағат тұтты.

Еске салайық, G тобындағы әлем чемпионатына квалификацияда болған Нидерланды командасы 23 ұпай еншілеп, келесі жылы Катардағы футбол тойына тікелей жолдама алды. Сондықтан қазірден бастап голландиялық жанкүйерлер мундиальға барар жолдың қамына кірісті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: