2021 жылы Қазақстан чемпионатында ойнайтын командалар анықталды

Сурет: "Қайрат" ФК

ҚПЛ 20-шы туры матчтерінен кейін турнирге келесі жылы қатысатын командалар анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, көкшетаулық "Оқжетпес" бірінші лигаға түсіп қалды, ал "Ақтөбе" мен "Атырау" керісінше, премьер-лигаға шықты.

ҚПЛ-2021 қатысушылары: "Қайрат" (Алматы), "Астана" (Нұр-Сұлтан), "Тобыл" (Қостанай), "Ордабасы" (Шымкент), "Шахтер" (Карағанды), "Жетісу" (Талдықорған), "Қайсар" (Қызылорда), "Тараз" (Тараз), "Қызыл-Жар СК" (Петропавл), "Каспий" (Ақтау), "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Атырау" (Атырау).

Еске салайық, биылғы ҚПЛ чемпионы мерзімінен бұрын "Қайрат" болды. Күміс пен қола иегерлері әлі анықталған жоқ. Сондай-ақ, павлодарлық "Ертіс" турнирге қатыспады.

Жаңалықтар