Қызылорда облысында "Қайсар" футбол клубының ҚПЛ-дің жаңа маусымына қаржыландару көлемін белгіледі,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілгендей, жергілікті Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2021 жылы клубты қаржыландыру үшін 1,6 миллиард теңге бөлген.
Бұл 2020 жылы бөлінген сомадан бірнеше есе артық екенін айта кетейік. Vesti.kz сауалына жауапта клубқа былтыр 637 миллион 822 мың теңге бөлінгені айтылған.
Еске салайық, ҚПЛ-2020 маусымын "Қайсар" жетінші болып аяқтады.