2020 жылғы ҚПЛ-дің ең үздік менеджері белгілі болды

30 желтоқсан 2020 15:02
Сурет: fckairat.com

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы "ҚПЛ-2020 үздік менеджері" номинациясының жеңімпазын анықтады. 

Жеңімпаз футбол клубтары жетекшілерінен алынған сауалнама арқылы анықталды. 

Сауалнама алынған әр адам ең мықты үш менеджерді таңдады. Осыған байланысты менеджерлерге ұпай жазылды: 3 балл - бірінші, 2 балл - екінші, 1 балл - үшінші орын. Кейін барлық балдар қосылды. 

Осылайша, биылғы ең мықты менеджер "Қайрат" жетекшілігіндегі Марат Баймұханов болды. Жалпы ол 27 балл жинаған.

Сауалнама қорытындысы:

1. Марат Баймұханов ("Қайрат") - 27 балл;
2. Ерлан Оразаев ("Шахтер") - 10 балл;
3. Санжар Сейітқазинов ("Каспий") - 8 балл;
4. Григорий Лория ("Қызыл-Жар СК") - 6 балл;
5. Михаил Гурман ("Астана") - 5 балл;
6-7. Бахтияр Байсейітов ("Ордабасы") - 3 балл;
6-7. Николай Панин ("Тобыл") - 3 балл;
8. Серік Досманбетов ("Қайсар") - 2 балл;
9-10. Ерлан Бөтембаев ("Оқжетпес") - 1 балл;
9-10. Серік Мұканов ("Жетісу") - 1 балл.