2020 жылғы Еуропа чемпионатының барлық қатысушылары анықталды

Сурет: sputnik-georgia.com©

Іріктеудің соңғы шешуші матчтері өтіп, оның қорытындысы бойынша Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттар лигасының өткен ойнатылымында Қазақстанның топтағы қарсыласы Грузия финалдық кезеңге шыға алмады, гүржілер өз алаңында Македонияға есе жіберді  0:1. 

Ирландияны 2:1 есебімен ұтқан Венгрия құрамасы жолдама алды. Словакия құрамасы да қосымша уақытта осындай есеппен Солтүстік Ирландияны ұтты. Ал Шотландия пенальти сериясында Сербиядан аса алды, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған. 

Еуро-2020 қатысушылары топ бойынша былай іріктелді:

А тобы. Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария

В тобы. Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия

С тобы. Украина, Нидерланды, Аустрия, Солтүстік Македония

D тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия

Е тобы. Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы. Германия, Португалия, Франция, Венгрия

Еске салайық, Еуропа чемпионатының финалдық бөлігі 2020 жылы жазда өтуі керек болған, алайда, коронавирус салдарынан шегерілді.