Іріктеудің соңғы шешуші матчтері өтіп, оның қорытындысы бойынша Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлттар лигасының өткен ойнатылымында Қазақстанның топтағы қарсыласы Грузия финалдық кезеңге шыға алмады, гүржілер өз алаңында Македонияға есе жіберді 0:1.
Ирландияны 2:1 есебімен ұтқан Венгрия құрамасы жолдама алды. Словакия құрамасы да қосымша уақытта осындай есеппен Солтүстік Ирландияны ұтты. Ал Шотландия пенальти сериясында Сербиядан аса алды, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған.
Еуро-2020 қатысушылары топ бойынша былай іріктелді:
А тобы. Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария
В тобы. Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия
С тобы. Украина, Нидерланды, Аустрия, Солтүстік Македония
D тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия
Е тобы. Испания, Швеция, Польша, Словакия
F тобы. Германия, Португалия, Франция, Венгрия
Еске салайық, Еуропа чемпионатының финалдық бөлігі 2020 жылы жазда өтуі керек болған, алайда, коронавирус салдарынан шегерілді.