2020 жылдың ең мықты бомбардиріне "Қайрат" форварды жасаған рекордқа бір матч жетпей қалды

Жоао Пауло. Сурет: "Ордабасы" ФК
Шымкенттік "Ордабасының" шабуылшысы Жоао Пауло "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Жерар Гоудың рекордын қайталауға аз қалды. Бразилиялық ҚПЛ-дегі жеті матчте қатар гол салған, бірақ, сегізіншісінде серия үзілді, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бұл көрсеткіш бойынша ҚПЛ рекордын Гоу 2016 жылы орнатқан. Ол қатарынан сегіз ойында гол салған (10).

Жоао Паулу қатарынан жеті матчте гол салып, бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға шықты. "Ақтөбе" мен Армения құрамасының ойыншысы Маркос Пиззели да екінші.

Тағы төрт футболшы - Арсен Тлехугов, Виктор Зубарев, Олег Литвиненко мен Магомед Кубиев - қатарынан алты матчте гол салды.

12 тур қорытындысы бойынша "Ордабасы" 18 ұпаймен турнир кестесінде төртінші келеді.