2019 жылы әлеуметтік желі арқылы ең көп табыс тапқан бес футболшы

30 желтоқсан 2019 16:56
© Instagram
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду 2019 жылы Instagram әлеуметтік желісі арқылы ең көп табыс тапқандар тізімінде бірінші.

Buzz Bingo компаниясының рейтингі бойынша, португалиялық футболшы Instagram арқылы бір жылда 47,8 миллион доллар тапқан. Сарапшылардың бағалауынша, Роналду әлеуметтік желідегі бір посты үшін шамамен 1 миллион доллардан аса ақы алады екен.

Екінші орында "Барселона" форварды Лионель Месси, ал үшінші атақты Дэвид Бекхэм.

2019 жылы инстаграм арқылы ең көп табыс тапқан 5 футболшы:

1. Криштиану Роналду - 47,8 миллион доллар.
2. Лионель Месси - 23,3 миллион доллар;
3. Дэвид Бекхэм - 10,7 миллион доллар;
4. Неймар - 7,2 миллион  доллар
5. Златан Ибрагимович - 4 миллион доллар 

Айта кетейік, футболшылар инстаграмда спорттық брендтер, чипсылар және басқа да өнімдерді жарнамалайды.
Жаңалықтар