2019 жылғы ҚПЛ-дің ең мықты бапкері еуропалық клубқа оралуы жайлы айтты

Сурет: "Қайсар" ФК
"Қайсар" командасының бас бапкері Стойчо Младенов болгария чемпионатын бірге ұтқан софиялық ЦСКА клубына оралатынын жоққа шығармады", - деп хабарлайды Vesti.kz.

"ЦСКА-ға екі тараптың ортақ қызығушылығы болғанда ораламын. Бұл қалыпты жағдай. Әрине, қайтып барып, жұмыс істегім келеді. Екі жақтың да қызығушылығы болу керек", - деген екен маман болгариялық БАҚ-қа. 

Сонымен қоса, Младенов Қазақстандағы коронавирус пен өтіп жатқан Беларусь чемпионаты жайлы да ойын айтты.

"Бәрі қалыпты. Болгарияда да осындай шаралар қолданылды. Қазір бізге Болгарияға оралуға тыйым салынды. Біздің чемпионат бойынша шешім күтіп отырмыз. Алдағы күндері шығып қалар. 

Олар (Беларусь) тым батыл екен, істеген істеріне қатты сенімді. Шешімдерінің оң, не теріс болғанын уақыт көрсетеді. Меніңше, қай сала болмасын ең маңыздысы адам өмірі", - дейді бапкер. 

Айта кетейік, 62 жастағы Младенов 2019 жылғы Қазақстан премьер лигасындағы ең мықты бапкер деп мойындалған. Мамамн қызылордалық клубты 2017 жылдан жаттықтырып келеді. ҚПЛ-де 2016 жылы "Атырауда" жұмыс істеген. Оған дейін Болгария, Мысыр, Сауд арабиясы, Грекия мен Португалияда еңбек еткен. Сонымен қоса, Болгарияның ұлттық және жастар құрамасын баптаған.