2018 жылғы Қазақстан чемпионы командасынан кетеді - БАҚ

Сурет: "Астана" ФК
"Астана" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда жазғы трансферлік кезеңде командасынан кетпек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 31 жастағы бразилиялық футболшыға қазір өнер көрестіп жүрген "Бани Яс" командасының жалпы деңгейі ұнамайды, оның клубпен келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Бұл командаға ауысқалы Алмейда БАӘ чемпионатындағы жеті ойында бір гол салды. Футболшы 19 тур қорытындысы бойынша 14 команда арасында тоғызыншы келе жатқан "Бани Ястың" мықты ойыншыларының бірі саналады.

Ал "Астана" сапында Алмейда 2018-2019 жылдары ойнап, 2018 жылғы ҚПЛ чемпионы атанды. Астаналық клуб оны әзірбайжандық "Карабахқа" жалға берген болатын. Футболшы 2012 мен 2018 жылдары дәл осы командада өнер көрсеткенін айта кету керек. Агдамдық клуб оған жаңа келісім ұсынғанымен оған қаржылық тұсы ұнамады. 

Хавбек "Астана" сапынан былтыр қыста кеткен. Transfermarkt мәліметінше, бразилялықтың қазіргі трансферлік құны 1,3 миллион еуро.
Жаңалықтар