Футбол
25 шілде 2018 10:30
 
2018 жылдың үздігі атануға үмітті 10 футболшы

  Пікірлер

blog.share

2018 жылдың үздігі атануға үмітті 10 футболшы fifa.com

Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы (ФИФА) 2018 жылдың ең үздік футболшысына берілетін "The Best" марапатына үміткер 10 футболшының тізімін жариялады. Бұл қатарға әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі Неймар енбей қалған.

Үздік ондықты ФИФА-ның сенімді өкілдері саналатын Дидье Дрогба, Кака, Фабио Капелло, Фрэнк Лэмпард, Лотар Маттеус, Алессандро Неста, Роналдо және өзге де танымал спорт мамандары таңдаған.

2018 жылдың үздік футболшысына берілетін марапатқа бельгиялық футболшылар Эден Азар ("Челси") мен Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), француз Рафаэль Варан ("Реал"), Антуан Гризманн ("Атлетико") және Килиан Мбаппе (ПСЖ), ағылшын Харри Кейн ("Тоттенхэм"), хорват Лука Модрич ("Реал"), мысырлық Мұхаммед Салах ("Ливерпуль"),  португалдық Криштиану Роналду ("Ювентус") және аргентиналық Лионель Месси ("Барселона") үмітті.

"The Best" марапаты иегерін анықтау сауалнамасына ФИФА құрамындағы елдердің жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлер қатысатын болады. Футболшыларға ұйымның ресми сайтында 10 тамызға дейін дауыс беруге болады. Марапаттау рәсімі 24 қыркүйек күні Лондонда өтеді.

Үздік жаттықтырушы марапатына үміткерлер

Әйелдер арасында үздік марапатқа үміткерлер

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді.

Жарнама

Живи спортом!