Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мадридтік "Реалдың" 2018 жылдан бері Ла Лига матчында қақпаға 10 немесе одан көп соққы жасап, гол соға алмаған алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мбаппе 10 соққыдан кейін де гол сала алмадыФранциялық шабуылшы Испания чемпионатының бірінші турында барселоналық "Эспаньолға" қарсы белсенді ойын көрсетті. Алайда қанша тырысқанымен, гол соға алмады. Кездесу "Реалдың" 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Мбаппе қарсылас қақпасына 10 рет соққы жасады. Оның үш соққысы қақпа бағанасына тиді. Шабуылдағы жоғары белсенділігіне қарамастан, Килиан матчты голсыз және нәтижелі әрекетсіз аяқтады.
Мұндай көрсеткіш Роналдудан бері болмағанThe Touchline мәліметінше, Мбаппе 2018 жылдан бері Ла Лига матчында қақпаға кемінде 10 рет соққы жасап, гол соға алмаған "Реалдың" алғашқы футболшысы болды.
Мадридтік клуб сапында соңғы рет мұндай португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен болған еді. Ол "Реалдан" 2018 жылдың жазында кеткен болатын.
Мбаппе "Реал" сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол мадридтік клубқа франциялық "Пари Сен-Жерменнен" еркін агент ретінде ауысқан.