2014 жылдан бері алғаш рет үш ойын қатар ұтылған "Ливерпуль" Кубоктан шығып қалды

© Reuters
Лондондық "Челси" Англия Кубогының 1/8 финалында "Ливерпульді" ұтып, турнирдің келесі кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондонда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. "Челси" сапында Виллиан (13-ші минут) мен Росс Баркли (64) гол салды.



Осылайша, "Ливерпуль" сырт алаңда қатарынан үшінші матч ұтылып отыр. Мұның алдында АПЛ-де "Уотфордтан" (0:3) және Чемпиондар лигасы 1/8 финалында "Атлетикодан" (0:1) ұтылды. 

Мұндай мерсисайдтықтармен бес жылда бірінші рет болып отыр. 2014 жылы қарашада "Ливерпуль" сырт алаңда "Ньюкасл" (0:1), "Реал" (0:1) мен "Кристал Пэлас" (1:3) командаларынан ұтылған.

Сонымен қоса, "Ливерпуль" қақпасына төрт жылда алғаш үш ойында қатарынан екі және одан да көп гол өткізіп отыр. 

Айта кетейік, "Ливерпуль" АПЛ-дің турнирлік кестесінде бірінші. Юрген Клопп жаттықтыратын команда келесі ойында "Энфилд" стадионында "Борнмутты" қабылдайды.