20 жастағы олимпиадалық құрама ойыншысы "Қайрат" сапынан кетті

©"Қайрат" ФК

Өзбекстанның олимпиадалық құрамасының 20 жастағы ойыншысы Жасурбек Жалолиддинов "Қайрат" сапынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы алматылық клубқа маусым басында жалға алу құқымен өткен еді. Ал жазда онымен келісімшарт ұзартылмай, ол ташкенттік "Локамативке" қайтып оралды. 

Осылайша, Өзбекстан құрамасы үшін бір матчке қатысып, U-23 командасының капитаны болып келетін Жалолиддинов Қазақстан чемпионатынан кетті. 

Жасурбек "Қайрат" сапында жеті матч ойнап, үш рет сары қағаз түріндегі ескерту алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport