19-турдың соңғы ойыны. "Тараз" - "Каспий" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Тараз" ФК

Бүгін, 4-шілде футболдан Қазақстанның OLIMPBET-чемпионаты 19-турының соңғы матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тур "Тараз" - "Каспий" (18:00) матчімен аяқталады. Бұл кездесуді PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.

19-турдың өзге ойындарында "Қайрат" командасы "Атырауды" ойсырата ұтты (5:0), "Астана" клубы "Шахтерден" басым түсті (4:3), ал "Ақтөбе" оралдық "Ақжайықты" ұтты (2:1). 

"Жетісу" мен "Қызыл-Жар" тең түсті (0:0), "Тұран" қостанайлық "Тобылға" есе жіберді (2:4), ал "Қайсар" командасы "Ордабасыны" ұтты (1:0).