Аустриялық "Зальцбургтің" шабуылшысы Эрлинг Бреут Холанд голландиялық Марко ван Бастен, аргентиналық Диего Симеоне және ивуарлық Дидье Дрогбаның ркордын қайталады, - деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.
Кеше, 2 қазанда "Зальцбург" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турында "Ливерпульден" 3:4 есебімен жеңілді. Бұл ойында Холанд гол соқты, ал бірінші турдағы белгиялық "Генкпен" ойында хет-трик жасады (6:2). 19 жастағы футболшы Чемпиондар лигасындағы алғашқы екі турда төрт гол салған тарихтағы төртінші футболшы болып тұр.
"Әкем маған үнемі "Энфилдте гол салғанын айтатын. Енді мен оған жауап беремін: "Мен де!
Бас айналатын матч. Біз жоғары деңгейде ойнай алатынымзды дәлелдедік. Тең түсуге жақын едік. Кей дүниелерді жақсырақ істеуге де болатын еді, бірақ, біз "Ливерпульге" қарсы тұрдық қой. Олармен бір алаңда ойнау - қазіргі таңда әлемдегі ең ауыр миссия шығар" - " - деп келтіреді Холандтың сөзін УЕФА.