18 жастағы ресейлік қазақ "КраСава" клубымен келісімшартқа отырды

©instagram.com/krasavafc/

Этникалық қазақ Қыдырғали Сембаев бұрынғы футболшы және блогер ресейлік Евгений Савиннің "КраСава" клубымен келісімшартқа отырды.

Бұл Қыдырғалидің карьерасындағы алғашқы кәсіби футбол командасы.

Сембаев самаралық "Виктория" клубының тәлімгері. 18 жастағы футболшы қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Савиннің командасына қосылғанға дейін Қыдырғали "Рубин" академиясы мен "Крылья Советов"  клубының екінші командасында ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport