18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза Алматылық "Қайраттың" мадридтік "Реалдан" ұтылғанына (0:5) қарамастан қазақстандық футболдың басты қаһарманына айналды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шерхан Қалмырза қазақстандық футболдың жаңа жұлдызына айналды ма?
"Реалмен" матчтан кейін бір тәулік өтпей жатып, Instagram желісінде Қалмырзаның оқырмандарының саны 300 мыңнан асып кетті – бұл көрсеткіш әлі де қарқынды өсіп жатыр.
Осылайша, Шерхан танымалдылық жағынан Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені әрі мәскеулік "Динамоның" ойыншысы Бахтиёр Зайнутдиновтан асып түсті - Зайнутдиновтың парақшасына 270 мың адам жазылған.
Салыстырмалы түрде, "Қайраттың" тағы бір қақпашысы Темірлан Анарбековтің жазылушылары 208 мың (Қазақстан бойынша үшінші белгілі ойыншы).
Шерхан Қалмұрзаның тағдыршешті дебюті
Айта кетейік, "Реалмен" болған ойын Қалмырзаның кәсіпқой футболдағы небәрі төртінші матчі болды. Бастапқыда ол "Қайраттың" үшінші қақпашысы еді, бірақ, Александр Зарцукий мен Темірлан Анарбековтің жарақат алуына байланысты 18 жастағы ойыншыға негізгі құрамда орын берілді.
Бұған дейін, топтық кезеңнің алғашқы турында, Шерхан Португалиядағы "Спортингпен" ойында өзін жақсы көрсете алды, бірақ, матч "Қайраттың" ұтылысымен аяқталды - 1:4.
Екі турдан кейін "Реал" 6 ұпаймен Лига чемпиондарының жалпы кезеңінде турнирлік кестеде жеке-дара көш бастап тұр. Ал "Қайрат" бірде-бір ұпай жинай алмай, 36 команданың ішінде соңғы орында келеді.
Келесі матчін алматылықтар 21 қазанда Кипрдің "Пафос" клубына қарсы өткізеді.
Жарнама