Алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жаңа тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 8-турдағы "Жетісу" клубымен матчта болды. 17 жастағы Сәтбаев дубль жасап, "Қайраттың" 3:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Осылайша, Дастан Қазақстан премьер-лигасы тарихында бір маусымда 10 немесе одан да көп гол соққан 18 жасқа толмаған алғашқы футболшы атанды. Қазір оның еншісінде 11 гол бар.
Бұл нәтиженің арқасында Сәтбаев бомбардирлер жарысында "Астана" легионері Марин Томасовты (11 гол) қуып жетіп, тек Назми Грипшиден ("Астана", 13 гол) ғана қалып келеді.
"Қайрат" осы жеңістен кейін 52 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастады. Команда "Астанадан" екі ұпайға алда тұр.