17 минуттың ішінде үш гол жіберген "Тобыл" Чемпиондар лигасынан шығып қалды

©"Тобыл" ФК

Өткен жылы Қазақстанның чемпионы атанған қостанайлық "Тобыл" жауапты кездесуде венгриялық "Ференцварош" командасының ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Тобыл" командасы 21 минутқа дейін өз қақпасына үш гол жіберді. Алдымен Адама Траоре 4-мнутта есепті ашты. 17-минутта бұл футболшы екінші голды соқты. Ал 21-минутта Айсса Лайдуни үшінші мәрте Александр Мокин қорғаған қақпадан саңылау тапты. 

Осы голдан кейін ғана "Тобыл" ес жиды. Сөйтіп, 23-минутта Игорь Сергеев есепті қысқартқан болатын. Бірақ бұдан кейін бірінші таймда екі команда да гол соға алмады. 

Ойынның екінші таймында "Ференцварош" допты өзінде көп ұстап, "Тобылға" көп мүмкіндік бермеді. 

Бірақ 72-минутта Зоран Тошич гол соққан еді. Алайда төреші оффсайд тіркеді. 74-минутта Фартуне Бассей алаң қожайындарының төртінші голын соқты. 90+1 минутта Фартуне Бассей дубль авторы атанып, ойынға нүкте қойды. 

Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Ференцварош" жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. "Тобыл" болса Конференция лигасына түсіп қалды. 

Еске салайық, Қостанайда өткен бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport