Футбол
Кеше 23:06

17 жастағы қазақ жігіт еуропалық клубпен келісімшартқа отырды

© instagram.com/krcgenktalent

17 жастағы қазақстандық вингер Шахмурат Дәулетов бельгиялық "Генк" клубымен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Еңбектің жемісі!", - делінген клубтың әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Дәулетов "Генк" сапында 77-нөмірмен ойнайды.

Шахмурат Дәулетов "Қайрат" академиясында тәрбиеленген, алайда Қазақстаннан ерте кеткен. Түркиядағы кезеңінен кейін ол Бельгияға ауысты.

"Генк" академиясының жаттықтырушысы Нильс Янсен қазақстандық футболшыны "Беерсхот" сапында өнер көрсеткен кезінде турнирлердің бірінен байқап, бірден өз командасына шақырған.

Өткен маусымда Дәулетов "Генктің" U-18 командасында ойнады.

Жазда Дәулетов "Генктің" негізгі құрамына шақырылып, оқу-жаттығу жиынында "Маастрихтке" қарсы жолдастық кездесуде (7:0) тіпті гол соқты.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport