17 жастағы "Барселона" ойыншысы Чемпиондар лигасы тарихына атын жазды

11 желтоқсан 2019 13:24
© RT
УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы алтыншы турының алғашқы күні өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған алты ұжым анықталды.

Алтыншы турда "Генктің" қақпасын қорғаған Мартен Вандервордт Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас қақпашы атанды. Ол 17 жаста (287 күн).

Сондай-ақ "Интердің" қақпасына гол соққан "Барселонаның" ойыншысы Ансу Фати турнир тарихындағы ең жас гол авторы танылды.