17 бөлме және селфиге рұқсат жоқ. Роналду Арабияда қандай жағдайда тұратыны айтылды

©twitter.com/Cristiano

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасына өткеннен кейін ел астанасы Эр-Риядтағы элиталы қонақүйден өзі мен отбасы үшін 17 бөлме жалдапты, деп хабарлайды Mirror.

Шабуылшы 99 қабатты Kingdom Tower қонақүйінде тұратын болады. Футболшы жалға алған екі қабаттың құны айына 280 мың еуро болады. Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригеске қонақүй өте ұнаған екен. 

Қызметкерлерге Роналдумен селфиге түспеу өтініші айтылған екен, алайда футбошының өзі ондайдан бас тартпаған көрінеді. Бұл футболшыны артық мазаламау үшін клуб басшылғының сұранысы болса керек. 

Еске салайық, 37 жастағы ойыншы "Әл-Насрмен" 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport