Чемпиондар лигасы 1/8 финалында "Этихадта" өткен ойында "Спортинг" сапында алаңға шыққан 16 жастағы шабуылшы Родригу Рибеуру турнирдің жаңа рекордын ортантты, деп жазады Goal порталы.
Родригу Рибеуру "Манчестер Ситиге" қарсы кездесудің 89-минутында алаңға шықты. Дереккөздің ақпараты бойынша, шабуылшы ЧЛ плей-офф кезеңінде алаңға шыққан ең жас футболшы болып тіркелді. Ол 16 жас 315 күн дегенде бұл турнирде өнер көрсетті.
Дегенмен Родригу ЧЛ турнирінде алаңға шыққан ең жас ойыншы емес. Бұл рекорд дортмундық "Боруссия" шабуылшысы Юссуф Мукокоға тиесілі. 2020 жылы ол 16 жас 18 күнде Еуропаның басты футбол додасында ойнады.
Айта кетейік, биыл Родригу Рибеуру "Спортинг" сапында 10 кездесуге қатысып, 3 гол соққан. Оның португалиялық командамен 2024 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар.