Футбол
30 шілде 12:01

16 жастағы қазақ. "Қайраттың" ЧЛ-дегі тарихи қарымтасының бас қаһарманы анықталды

©"Қайрат" ФК

"Футбол на Куличках" (ФНК) сайты алматылық "Қайрат" пен финляндиялық КуПС арасындағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтегі ең үздік ойыншыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды (алғашқы ойын – 0:2). Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Қайрат" келесі кезеңге жолдама алды.

"Матчтың үздік ойыншысы – Дастан Сәтбаев.
Алматылықтар сапынан бірнеше футболшыны атап өтуге болады, алайда, біз ең үздік ретінде Сәтбаевты атаймыз. 16 жастағы шабуылшы алаң иелерінің жеңісіне маңызды үлес қосты. Дәл оның алыс қашықтықтан бағыттаған қуатты соққысынан кейін "Қайрат" 9-минутта есеп ашты. Кейін Дастан үшінші голды соққан Громыкоға нәтижелі пас шығарды", – деп жазады ФНК.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport