16 жастағы тәжікстандық футболшы Мухаммад Назриев Азия кубогының іріктеу кезеңінде әлемдік рекорд орнатты.
Назриев 17 жасқа дейінгілер арасындағы Азия кубогының іріктеу кезеңінде Гуам аралдарына қарсы ойында 14 гол соқты. Бұл ұлттық құрама матчындағы гол саны бойынша рекордты жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Аустралия құрамасына тиесілі болатын. Олар 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында америкалық Самоа құрамасын 31:0 есебімен жеңген, ал шабуылшы Арчибальд Томпсон ойында 13 гол соқты
Ал Гуам аралдарына қарсы матчте Тәжікстан құрамасы есепті 33:0-ге дейін жеткізді.