Футбол
9 шілде 10:19

16 жастағы Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында рекорд жасады

©"Қайрат" ФК

Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас қазақстандық футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сатпаев "Қайрат" командасының негізгі құрамында Словенияның "Олимпия" клубына қарсы іріктеу матчына шықты. Ойын Любляна қаласында өтті.

Ол бұл тарихи қадамды 16 жас 10 ай 26 күн кезінде жасады. Бұл көрсеткіш - қазақстандық ойыншылар арасында абсолют рекорд.

Егер іріктеу кезеңін есепке алсақ, бұған дейін Чемпиондар лигасында жасөспірім ретінде ойнаған жалғыз қазақстандық футболшы - Юрий Логвиненко болған. 2006 жылдың 19 шілдесінде ол "Ақтөбе" сапында Латвияның "Металлург" командасына қарсы (1:1) өткен матчта 17 жас 11 ай 27 күнінде ойынға 75-минутта қосылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport