150 миллион еуро тұратын футболшы 2021 жылдың үздік ойыншысын атады

©chelseablues

Дортмунд қаласының "Боруссиясында" ойнайтын Эрлинг Холанн 2021 жылғы үздік футболшыларды атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің ойымша былтыр Роберт Левандовски жоғары деңгейде өнер көрсетті. Үздік ойыншыға лайық доп тепті. Одан кейін Карим Бензема мен Лиоенль Месси де мықты екендіктерін дәлелдеді. Сондықтан Бензема мен Мессиді 2-3 орынға қояр едім", - дейді Норвегия құрамасының шабуылшысы.

Еске салайық, transfermarket сайты 21 жастағы форвардты 150 млн еуроға бағалап отыр. Ол қысқы трансферлік маусымда "Реал", "Барселона" немесе "Манчестер Сити" клубының қатарын толықтыруы мүмкін. 2020 жылдан бері Холанн "Боруссия" сапында 57 матчта алаңға шығып, 56 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: