Футбол
22 желтоқсан 2021 06:50

15 млн тұратын ойыншы араға 17 ай салып гол соқты

©milanac

Италия чемпионатының 19-турында "Ювентус" ойыншылары Кальяри қақпасына жауапсыз екі гол салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Туриндіктер сапында Мойзе Кин мен Федерико Бернардески ерекшеленді.

Осылайша, Италия құрамасының жартылай қорғаушысы араға 17 ай салып ішкі чемпионатта қайта гол соғып отыр. Бернардески соңғы рет Италияның А сериясында 2020 жылдың 26 шілдесінде "Сампдория" қақпасының саңылауын тапқан болатын.

Еске салайық, ішкі біріншілікте "Ювентус" 19 турдан кейін 34 ұпаймен бесінші орында келеді. Ал 18 ойын өткізген "Интер" 43 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport