15 жастағы футболшы Неймардың рекордынан асып түсті

© ТСН
"Освальдо" шабуылшысы Пабло Хуан жастар арасындағы Сан-Паулу Кубогының ең жас ойыншысы ретінде "Пари Сен-Жермен" форварды Неймардың рекордын жаңартты", - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Globo Esporte басылымына сілдтеме жасап. 

Хуан жұма, 3 қаңтарда өткен "Понте Претамен" матчте ойнады. Алаңға шыққан сәтінде оның жасы 15 жас 3 ай және 24 күн еді. Осылайша, ол 2008 жылы "Сантос" футболшысы ретінде Сан-Паулу Кубогында 15 жас 11 айында ойнаған Неймардан асып түсті. 

"Жастар арасындағы Сан-Паулу Кубогында ойнау менің арманым болатын, өйткені бұл топ клубтар тамашалайтын ұлы турнир", - дейді рекорды туралы Хуан. 

Ал "Освальдо" мен "Понте Прета" арасындағы ойында Хуанның командасы 1:5 есебімен ойсырай ұтылды.