Футбол
24 маусым 2020 09:48
 
Бразилия чемпионы алматылық "Қайрат" сапында ойнайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Бразилия чемпионы алматылық "Қайрат" сапында ойнайтын болды Сурет: Globo Esporte

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав футболшы карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастыратын болды. Бұл туралы ойыншының өзі Instagram желісінде хабарлады. 

"Жаңа сынға ризамын", - деп жазыпты футболшы өз постында. Ал келісімшарттың егжей-тегжейі айтылмады. 

Бразилиялық футболшы еркін агент, сондықтан қазақстандық клуб трансферіне шығындалмады.

Бірнеше апта бұрын 36 жастағы футболшы бразилиялық "Коринтианспен" келісімшартты үзген. Осыдан кейін Форвард мәскеулік ЦСКА командасына оралады деген сыбыстар тарағанымен, олай болмады. 

Вагнер Лав карьерасында "Палмейрас", ЦСКА, "Фламенго", "Шаньдун Лунэн", "Коринтианс", "Монако", "Аланьяспор" пен "Бешикташ" сапында өнер көрсеткен. Ал Бразилия құрамасы үшін 20 матчте ойнап, төрт гол салған екен. Футболшы Ресей және Бразилия чемпионы атанған, сондай-ақ, УЕФА кубогын иеленген.

Жарнама

Живи спортом!