auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бізден мықты". Еуропалық легионер Қазақстан футболының артықшылығы жайлы

"Бізден мықты". Еуропалық легионер Қазақстан футболының артықшылығы жайлы
Сурет: kostanay1879.ru
Қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Станимир Димитров Қазақстан футболы туралы ойын айтты. Футболшының сөзін болгариялық Sportal.bg басылымы беріп отыр.

Қостанайлық команда үшін Димитров барлық турнирде 130 ойын өткізіп, алты гол салған. Клубпен бірге футболшы үш күміс және бір қола жүлде, сондай-ақ, 2007 жылы Қазақстан кубогын иеленді. 

- "Тобылда" сіз аңызға айналдыңыз, түрлі мерекелерге әлі де шақырады. Сіз Қазақстан бізден мықты ойнайды дегеніңізге көпшілік күлген еді. 

- 2005 жылдың басында Қазақстанға көштім, шынын айтайын, басында шүбәләндім. Ұсыныс жасалғанда бірнеше сағат интернетті ақтарып, қайда бара жатқанымды зерттедім. Ол кезде 32 жаста едім. Ол жерде футболдың деңгейі төмен деп айта алмаймын. Төрт-бес жыл біз еуропалық турнирлерде 20-25 матч өткіздік. "Аустриямен" (Вена) тең ойнап, пенальтиден ғана ұтылдық. Қазақстаннан жақсы әсер алдым. Олар базаларына, легионерлер трансферіне қаржы құйып, дамып жатқанын көрдім.

Бастапқы екі-үш маусым жақсы ойнадым. Маған тіпті азаматтық бермек болды. Кейін сол жаққа кеткен біздің бапкерлер де көп болды: Станимир Стойлов, Стойчо Младенов, Димитар Димитров, Георги Дерменджиев, Николай Костов, Илиан Илиев те бір аяғымен сонда еді. Бұл Болгарияның ең мықты бапкерлері ғой. Міне Қазақстан футболдан бізден асып түседі деп айтқаным осы. Бірақ бір жаманы олар өздерінің кадрларына көңіл бөлмейді. Дегенмен кейінгі уақытта әр қалада академиялар сала бастады, бұл дұрыс. Енді олар мектептерге ақша құюда. Футболшы ретінде біз қазақстандықтарға қарағанда таланттымыз, бірақ, олар бізден менталитет жағынан артық. Біз тым былқылдақ футболшымыз. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама