11 матчта жеңіліс көрмеген Мессидің командасы сүрінді
"ПСЖ" Франция кубогінің 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"ПСЖ" Франция кубогінің 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Ниццамен" кездескен Маурисио Почеттино ойыншылары негізгі уақытта қарсыласымен 0:0 есебін тіркеп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде париждіктер тарапынан Леандро Паредес пен 18 жастағы Хави Симонс 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кетті.
Осылайша, барлық турнирді қоса алғанда қатарынан 11 кездесуде жеңіліс көрмеген "ПСЖ" кубокте сүрініп отыр. Еске салайық, өткен жылы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси париждіктер сапына ауысқан болатын. Ол осы уақыт аралығында 18 ойында 6 гол соқты. Әзірге "ПСЖ" ішкі чемпионатта 53 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орынға 43 балл жинаған "Ницца" клубы жайғасқан.
Жарнама