"100 пайыз жетістік". Қазақстан құрамасының бапкері Еуропа чемпионатына іріктеу туралы

Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуро-2022 іріктеуіндегі ойындарға қатысты қорытынды ойын айтты. 

Кейінгі матчте қазақстандық команда Израильді 4:0 есебімен ұтты. 

"Барлық ойыншыларға, команда қызметкерлері мен бапкерлер штабына алғыс айтамын. ҚФФ басшылығына да дайындыққа бар жағдай жасағаны үшін алғыс. Осындай адамдармен жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Иә, біз 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткіздік. Құрамада алғаш ойнағандар болды, Жаманқұловтың соңғы матчі де болды. 

Жаманқұлов - аңыз, осындай жеңістен кейін, әдемі кетуге лайықты. Көрермендер болмағаны өкінішті. Бірақ ол бәріміздің оны қалай құрметтейтінімізді сезген болар. Оған тек сәттілік тілеймін!" - дейді Кака.

Айта кетейік, Қазақстан мұның алдында да Израильді (4:1), Беларусь (5:2, 6:1) пен Венгрия (5:0, 6:1) құрамаларын ұтты. Гол айырмашылығы 25 (30-5). Ал Еуропа чемпионатының финалына жолдаманы қазақстандық ойыншылар іріктеу аяқталғанға дейін екі матч бұрын жеңіп алған. 

Метки: