100 жылдан асқан тарихы бар еуропалық клуб жабылатынын хабарлады

Сурет: "Жилина" ФК
Словакиялық "Жилина" футбол клубы ресми сайтында қаржылай шығынға байланысты өздігінен жабылатыны туралы хабарлады. 

Клубтың негізгі табысы ойыншыларды сату еді, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты туындаған дағдарысқа қатысты клуб кей трансфер бойынша толық төлемін алмаған. 

Команданы сақтап қалу үшін клуб басшылығы футболшыларға еңбекақыны төлеуді тоқтата тұруды ұсынған, алайда, ойыншылар бұған келіспеді. 

Команданың бонкротқа ұшырау процесі 1  сәуірде басталады. 

"Жилина" 1908 жылы құрылған. Қазіргі атауын 1995 жылы алған. "Жилина" Словакияның жеті дүркін чемпионы (мұнан артық трофей "Слованада" ғана - тоғыз). 2010/11 маусымында команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған.