0:2 ұтылып жатқан Ливерпуль ЧЛ финалына шықты

©sportrbc

"Ливерпуль" футбол клубы Чемпиондар Лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің жартылай финалының қарымта кездесуінде 2:3 есебі тіркелді.

"Эстадио-де-ла-Керамика" стадионында өткен ойында алдымен алаң иелері екі рет ерекшеленді. "Вильярреал" сапында Булай Диа (3-минут) және Франсис Коклен (41-минут) көзге түссе, үзілістен кейін Фабиньо (62-минут), Луис Диас (67-минут) және Садио Мане (74-минут) гол соқты.

Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда испаниялықтардың сапында Этьен Капу екінші ескертуін алып алаңнан қуылды.

Еске салайық, Тұманды Альбиондағы алғашқы кездесу Юрген Клопттың командасының пайдасына 2:0 есебімен аяқталған еді. Енді "Ливерпуль" финалда "Реал" мен "Манчестер Сити" жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport