Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында "Ақтөбе" сырт алаңда "Шахтерді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қарағандыдағы матчта кеншілер бірінші таймда 0:2 есебімен алға шыққан. Алайда үзілістен кейін Андрей Карпович жаттықтыратын ойыншылар жауапсыз үш гол соқты.
"Шахтер" сапында Тимур Досмағамбетов (12-мин, пенальти) пен Роман Муртазаев (45+2) көзге түссе, батыс қазақстандықтардан Әлібек Қасым (54-мин, пенальти), Жерар Гоу (75-мин) және Уго Видемон (82-мин) ерекшеленді.
"Ақтөбе" осы жеңісінің арқасында турнир кестесінде 26 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Ал "Шахтер" болса 17 ұпаймен 9-орынға жайғасты.