Футбол
24 қыркүйек 2019 12:19

The Best: 2019 жылдың үздік голының авторы 18 жаста

видеодан үзінді
"Дебреценде" ойнайтын венгриялық футболшы Даниеэль Зори Ференц Пушкаш атындағы жүлдеге ие болды. Бұл жүлдені ФИФА жылдың ең әдемі голын соққан ойыншыға береді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жори 16 ақпанда "Ференцварош" қақпасына гол соққан. Footballua.tv порталының жазуынша, кездесу нағыз драмаға айналған. Матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда "Дебрецен" бір гол айырмашылығымен жеңіліп жатқан. Сол кезде бапкер Андраш Херцог алаңға 18 жастағы Даниэль Зориді шығарған. Бұл жас футболшының "ақ-қызылдар" сапындағы дебюті болатын.

Жоридің әріптестері алдымен есепті теңестіріп тастады. Артынша Даниэль қосымша уақытта қайшылай соққы жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.




Ференц Пушкаш атындағы жүлдеге "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Ривер Плейтте" ойнайтын Хуан Кинтероның голдары да үміткер болған.

Сондай-ақ ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері анықталды - жүлдені "Ливерпуль" жаттықтырушысы Юрген Клопп жеңіп алды.

Ал Лионель Месси жылдың үздік футболшысы атанды.