Қазақстандық футболшы кипрлік клубтан кеткенін хабарлады

11 желтоқсан 2020 14:05
Сурет "Қайсар" командасынан алынды.

Қазақстандық футболшы Магомед Парагульгов Кипрлік "Эрмис" клубынан кетті. Бұл туралы Larnaka Sports хабарлады.

26 жастағы жартылай қорғаушы командаға қыркүйек айында қосылып, 2021 жылдың 31 мамырына дейін келісімшартқа отырды. Сол сәттен бастап ол чемпионатта жеті ойын өткізіп үлгерді, бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. 13 ойыннан кейін 14 ұпайы бар "Эрмис" 14 команданың ішінде оныншы орында тұр.

Парагульгов мансабын Семейлік "Спартак" клубынан бастаған. Ол "Қайрат", "Ертіс" және "Қайсар" командаларында да ойнады. Магомед "Оле Бразил" академиясында оқыды, сонымен қатар Бельгияда білімін одан әрі толықтырды.

Ол 2018 жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді.

Метки: