"Бавария" Еуропа суперкубогы үшін матчте "Севильяны" ұтты

25 қыркүйек 2020 14:47
Сурет: Uefa.com ©
Германиялық "Бавария" УЕФА суперкубогы үшін матчтің қосымша уақытында испаниялық "Севильяны" ұтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Будапештте өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Чемпиондар лигасының жеңімпазы сапында Леон Горетцка (34-ші минут) және Хави Мартинес (104) гол салды. "Севильядан" Лукас Окампос 13-ші минутта пенальтиден гол соқты.



Айта кетейік, ойын көрермендермен өтті. 67 мың адам сиятын "Ференц Пушкаш" стадионының 30 пайызына ғана адам кіргізуге рұқсат етілді. Матч басталғанға дейін 15,5 мың билет сатылып кеткені хабарланған болатын.
Жаңалықтар