Футбол
27 сәуір 2020 13:13

"Барселона" Испания чемпионатынан шығып қалуы мүмкін

Сурет: Football.ua
 Футболшыларға қажетті санитарлық жағдай жасалмаса, "Барселона" футбол клубы қайта жалғасатын Испания чемпионатынан қатысудан бас тартуы мүмкін, - деп хабарлайды Sport.es.

Каталондық команданың медициналық штабы коронавирус жұқтыру қаупі әлі де жоғары деп есептейді. Сондықтан клуб басшылығы футболшыларды алаңға шығуға мәжбүрлемейді, өйткені Ла Лига барлық ойыншылардың денсаулығын сақтай аларына күмәнданып отыр. 

Осы аптада "Барслелонаның" директорлар кеңесі маусымды жалғастыру мәселесін талықылайды. Турнирге қатысудан бас тарту каталондық клуб үшін экономикалық тұрғыда ауыр тиеді, дегенмен, басшылық үшін футболшылардың денсаулығы маңыздырақ болып отыр екен. 

Мұның алдында Примера президенті Хавьер Тебас матчке қатысудан бас тартқан командаға техникалық ұтылыс жазылатынын ескерткен.