Футболдан бірінші лигадан ел премьер-лигасына жолдама алған екі команда белгілі болды. Оның бірі – «Жетісу» (Талдықорған) болса, екіншісі – «Қызылжар» (Петропавл) футбол клубы.
Кеше Талдықорғанның «Жетісу» командасы өз алаңында Шымкенттің «Қыран» командасын 3:0 есебімен ұтып, 20 ойыннан 52 ұпаймен турнирлік кестеде жеке дара көш бастап келеді. Ал Петропавлдың «Қызыл-Жары» өз жанкүйерлері алдында «Мақтаарал» футболшыларымен тең түсіп (0:0), 42 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Нәтижесінде қос клуб бірінші лиганың аяқталуына 5 тур жетпей 2018 жылғы маусымда премьер-лигада ойнау мүмкіндігіне ие болды.
«Жетісу» премьер-лигадан 2016 жылы, ал «Қызыл-Жар» 2009 жылы шығып қалған еді.

Жарнама