БАТЭ командасының бұрынғы бапкері Қазақстанның бес дүркін чемпионын баптауы мүмкін

Алексей Бага. Сурет: Чемпионат.com ©
Беларусь маманы Алексей Бага Қазақстанның бес дүркін чемпионы "Ақтөбе" командасының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы журналист Владислав Татур телеграм-каналында жазды. 

Бага БАТЭ командасының бас бапкері ретінде көпшілікке танымал. Ол командамен бірге Беларусь біріншілігін жеңіп, еурокубоктерде ойнаған. 2020 жылдан бері литвалық "Жальгирис" командасын жаттықтырып келеді. 

Ал "Ақтөбе" болса былтырғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер лигасынан шығып қалды. Қазіргі уақытта команда Бірінші лигада ойнап, өз тобында көшбасында келеді. Дегенмен командаға бапкер шақ келмей отыр. Ұжым басшылары өткен аптада Алексей Петрушинді қызметінен босатты. 

Метки:
Жаңалықтар
18 қаңтар 2023, 14:45
Бірінші лига
"Ақжайықта" ауыс-түйіс болды
10 қараша 2022, 11:07
Бірінші лига
"Оқжетпесті" ҚПЛ-де ойнатпауы мүмкін