Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

©olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін, 13 қыркүйек күні пневматикалық қару бойынша командалық сын өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде құрамында Эльдар Иманқұлов, Исаченко Владимир және Рахимжан Валерий бар Қазақстан пневматикалық тапаншада 10 метрден ату жаттығуы бойынша үздік атанды.

Екінші орынға Сауд Арабиясы жайғасса, Қырғызстан құрамасы үшінші орынға иелік етті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар