Мәнерлеп сырғанау
20 шілде 2022 09:26

Төрт құлық чемпионы карьерасын аяқтады

©Reuters

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Чемпионат".

27 жастағы Ханю әуесқойда мәнерлеп сырғанауды доғарып, кәсіпқойға өтпек.

Төрт жылда бір келетін ойындардың бірінші алтынын ол 2014 жылы Сочиде жеңіп алған.

Ал 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиадада жетістігін қайталады. Сонымен қоса, ол екі дүркін әлем чемпионы, 2017 жылы командалық әлем біріншілігінің жеңімпазы және 2020 жылы төрт құрлық чемпионы атанған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport