auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Полицей ұрылар мен Денис Теннің төбелесін көргенін мойындады

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Полицей ұрылар мен Денис Теннің төбелесін көргенін мойындады
© Tengrinews.kz фотоколлаж
Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор Азамат Нұрпейісов Денис Теннің өліміне қатысты сотта куәлік етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің айтуынша, 19 шілдеде ол автокөлікпен Құрманғазы көшесімен футбол ойынын "қоршауға алуға" бара жатқан. Рөлде оның серіктесі болған. Абылайхан көшесінен өтіп, Бәйсейітоваға жетпей Нұрпейісов Құрманғазының бойымен жүгіріп жүрген үш адамды көрген.

"Олардың бірі қара жейде кигені жаяу жүргіншілерге арналған жолға жетпей Toyota Camry автокөлігінің алдынан атып шығып, капотына құлаған. Оның артынан ақ жейде киген жігіт қуалап кетті де спорт алаңына жақындағанда қуып жетті. Сосын олар ұстасты. Біз оларды ойнап жүрген шығар деп ойладық. Сосын үшінші жігіт жүгіріп кетті, ол да ақ жейдемен жүрді. Біз қатты жылдамдықпен жүрген жоқпыз. Мен серіктесімнің тоқтауын сұрадым да оқиға орнына жүгіріп бардым. Мен жүгіріп барғанымда ақ жейде киген жігіт торға сүйкеніп тұрды, аяғынан қан ағып жатты", - деді Нұрпейсіов.

Оның айтуынша, шабуылдаған екі жігіт Шевченкоға қарай қашқан. Инспектор оқиға орнына жігіт пен қыздың келгенін айтты.

"Көмекке келгендерге жедел жәрдем шақыруын өтіндім. Өзім болсам, шабуылдағандардың артынан қуалап кетіп, бағыттама бердім. Онда ағаштар көп еді, сол себепті кімнің қайда екенін көру қиын болды. Шевченкоға жүгіріп барғанымша, оларды жоғалтып алдым. Осы кезде екі жігіт өтіп бара жатып, екі жігіттің Назарбаев даңғылына қарай жүгіріп бара жатқандарын айтты. Осы кезде Назарбаев даңғылы жағынан Шевченконың бойымен полицей көлігі келе жатты. Мен полицейге олардың Назарбаевқа қарай жүгіргенін, алайда оларды таппай қалғанымды айттым", - деді қызметкер.

Осыдан кейін Нұрпейісов оқиға орнына полицейді алып келіп, өзі Назарбаевқа қарай кеткен. Ол шабуылдағандарды іздеген, болмаса шабуылдаған жігіттердің қалай қарай жүргенін көруге болатын камераларды іздеген.

Осыған дейін, Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар