Олимпиада жүлдегері Димаш Құдайбергеновтің әніне өнер көрметті

©Sportbox

Танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санкт-Петербургте "Мұз дәуірі" атты ауқымды қойылым өтті. Шоуға Камила Валиева, Евгения Медведева, Елизавета Туктамышева, Марк Кондратюк және басқа да танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.

Әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева көрерменге Димаш Құдайбергеннің әніне жаңа көрсетілім нөмірін ұсынды.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеновтің әндеріне қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, сондай-ақ, ресейлік спортшылар жеке және жұптық сырғанауда өнер көрсеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
20 шілде 2022, 09:26
Мәнерлеп сырғанау
Төрт құлық чемпионы карьерасын аяқтады